Медицина • 30 Наурыз, 2020

Елімізде дәрігерлер 3 айдың ішінде 850 мың теңге қосымша айлық алады

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде дәрігерлер, мейірбикелер төменгі медициналық қызметкерлер 3 айдың ішінде 850 мың теңге қосымша айлық алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Елімізде дәрігерлер 3 айдың ішінде 850 мың теңге қосымша айлық алады

«Жалпы алдағы уақытта 26 мыңнан астам медициналық қызметкерлер қосымша қаржылық көмек алатын болады. Біздің әріптестеріміз 3 топқа бөлінді. Инфекциялық тәуекелге байланысты бірінші топ өте жоғары тәуекел деп айтуға болады. Бұл инфекциялық ауруханаларда және сол ауруханалардағы интенсивтік терапия және реанимация бөлімшелерінде істейтін дәрігерлер, мейірбикелер төменгі медициналық қызметкерлер соларға арналған ай сайынғы наурыз айынан бастап 3 айдың ішінде 850 мың теңге қосымша айлығына төленетін болады. Ал екінші топта 12мыңға жуық медициналық қызметкерлер олар 425 мың теңге айлығына қосымша алатын болады. Бұл қызметкерлерге провизорлық клиникалардағы және жедел жәрдем қызметкерлерінің дәрігерлері жатады. Ортаншы және кіші қызметкерлер олар тікелей ауырған науқастармен байланыспайды бірақ күнделікті басқа аурулармен соның ішінде, коронавирустық инфекцияға байланысты мүмкін ауырған науқастармен жұмыс жасағаннан кейін, бұлар екінші топқа енгізілетін болады. Ал үшінші орташа топ бұл мамандардың ішінде орта және кіші қызметкерлер саниторлық дәрігерлер жатады. Сол себепті 11 мыңға жуық біздің әріптестеріміз 212 мың теңге ай сайын алатын болады» деді Елжан Біртанов.